Ұлытау облысының Ынталы ауылында емдеу мекемесі ашылды
Ұлытау облысының Ынталы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Бұл - жыл басынан бері өңірде қолданысқа беріліп отырған 4-ші медициналық нысан. Жаңа ғимаратта заманауи талаптарға сай ЭКГ аппараты, вакцина сақтайтын тоңазытқыштар мен өзге де қажетті жабдықтар бар. Жалпы облыста алдағы 3 жылдың ішінде ауылдық жерлердегі барлық медициналық мекемелерді жаңарту жоспары бар. Биылдың өзінде 11 акушерлік пункт және 12 шағын медициналық бекет пайдалануға берілмек. Емдеу мекемелері «Ауыл-ел бесігі» және денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламалары шеңберінде салынады.
Рәбиға Шошаева, медбике:
- Бұрын бәлен жыл ескі мекемеде отырғанбыз. Қазір ішінде бүкіл оборудованиесі бәрі бар. Өте халық қуанып жатыр. Еңбек етуге әрдайым дайынбыз. Санитаркамыз бар, 3 медбикеміз, жүргізушіміз бар.