Райымбек Баталов кәсіпкерлер мәселесін жеткізді
Отандық кәсіпкерлердің әкімшілік кедергілер мен салық, жер мәселелеріне көңілі толмай отыр.
«Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов осылай деді. Кейінгі жылдың өзінде кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бағытында 3700 арызды қараған. Райымбек Баталов өңір әкімдіктері шағын және орта, ірі кәсіпкерліктің қажеттіліктері ескерілмей келетінін жеткізді. Оның айтуынша, әкімдерге шағын бизнесті дамыту аясында нақты міндеттемелер жүктеу қажет. Бағдарламаның толық нұсқасын бүгін сағат 22:30-да Хабар арнасынан көре аласыздар.