Түркістан облысындағы кеден қызметінің жұмысын жетілдіру
Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің өткізу қабілеті 40%-ға артты.
Мұндай нәтижеге қол жеткізуге жаңа технологиялар мен озық халықаралық тәжірибе ықпал етті. Бұл туралы жергілікті Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Сенат депутаттарымен өткен кездесуде хабарлады. «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы өткізу бекеттерінде енгізілген электрондық кезек жүйесі көлік жүргізушілерінің уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Оған қоса, шекара маңындағы аудандардағы әлеуметтік және криминогендік жағдай жақсарған. Ал шекараны кесіп өткен күні берілетін шетелдік рұқсат бланкісі сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», -дейді Қаржы министрлігі.
Ерлан Тұрысов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
- Түркістан облысы бойынша 8 кеден бекеті бар. Төртеуі жүк көлігімен өтетін, теміржолмен өтетін, әуежай кеден бекеті бар. Жылына«Жібек жолы» кеден бекетінде 9 млн-ға жуық адам өтеді. 1 күнде 35-40 мың адам өтеді. Әрбір кеден бекетіне 6-7 млрд көлемінде қаржы бөлінді. Олардың өзінің маңыздылығына байланысты. Мысалы, «Жібек жолы» қазір үлкен кеден бекеті, салынып жатқан бекеттер, оның ішінде тек салыну емес, стройматеариал ғана емес, бүкіл оборудованиясы бар кіретін. Рентгендік аппараттар кіреді, жеке адамдардың жүктерін қарайтын және үлкен жүк көліктерін қарайтын рентген аппараттары келіп жатыр. Негізгі қаржы ауқымын солар алып отыр.