Құлсарыда суда қалған үйлерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Құлсарыда су тасқыны болған аймақтарға дезинфекция жасау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Осыған орай сала мамандары тұрғындарға ескерту жасады. Яғни, залалсыздандыруды әркім өз бетінше жүргізуге болмайды. Мамандардың рұқсатынсыз, дезинфекция жасалмаған үйге кірмеу қажеттігін ескертеді. Өйткені су көп тұрып қалған аумақта түрлі инфекциялар таралу қаупі бар. Сондықтан тұрғын үйді судан тазартып, құрғату үшін арнайы мамандарға жүгіну керек.

Айгүл Сабырқызы, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Түрлі жұқпалы аурулардың алу үшін міндетті түрде есік-терезесін ашып, құрғатып, дезинфекциялап болғаннан кейін ғана кіруге болады және дезинфекция жұмысын өз күштерімен өткізуге болмайды. Бұл жұмыстарды арнайы мамандандырылған мекеме мамандарымен өткізуі керек. Себебі тұрғындар ондай жұмыстарды атқарамыз деп уланып қалуы мүмкін.