7 жастағы шахматшы әлем чемпионы атанды
Шахматтан Дуррес қаласында өткен кадеттердің әлем чемпионатында Алиша Бисалиева жеңімпаз атанды.
7 жастағы қазақстандық ойыншы рапид түрінен өзімен жас шамасындағыларға дес бермеді. Ал блицте күміс еншіледі. Жарысқа 40-қа жуық елден келген шахматшылар үш жас санаты бойынша сынға түсті. Қазақстаннан 22 ойыншы қатысты. Ел құрамасының қоржынына бір алтын, екі күміс және үш қола түсті.