Құлсарыдағы жедел штаб жұмысын тоқтатпайды
Құлсары қаласының барлық зардап шеккен тұрғынына көмек көрсетілгенге дейін жедел штаб жұмысын тоқтатпайды.
Бұл туралы өңірде өткен қоғамдық штаб отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді. Жиында аймақ басшысы жауаптыларға, қаланы судан тазарту жұмыстарын апта соңына дейін аяқтауды тапсырды. Халықтың саулығы басты назарда екенін ескеріп, дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді айтты. Серік Шәпкенов қызыл судан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандар, назардан тыс қалмайтынын, көлеміне қарай залалы өтелетінін атап өтті.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
- Ең үлкен алдымызда тұрған мәселе шығындарды өтеу мәселесі. Бұл жерде тұрғындардың бірінші кезекте өздерінің ұсыныс пікірін ескереміз. Егер тұрғындар өздері жөдеп аламыз десе бізі оларға ақшасын аударып береміз толық көлемде.