Өңірдегі ахуал. LIVE
Көктемгі тасқын әсіресе елдің батыс өңіріне қауіп төндіргені белігілі. Жайықтың тасуы Ресейдің Орынбор, Ор қалаларында әбігер туғызды. Бізде Орал қаласы мен сол жақтағы ауылдарға қауіп болған еді. Бірақ ел жұмылып, жүз шақырымнан артық бөгет тұрғызып, қауіпті сейлітті. Су арнасынан асқанымен бейберекет жайылған жоқ. Енді өңірдегі қазіргі ахуал қандай?
Оны Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіштен білетін боламыз. Нұржан мырза, Аман-есенсіздер ме? Орал өңірінде судың деңгейі төмендегенмен , мол су әлі тұр ғой. Бір тәуірі Жайық сабасына түсті, ал Деркөл, Шаған өзендеріндегі жағдай қалай?