ШҚО білім басқармасы интернетті 100 есе қымбатқа алмақ болған
Шығыс Қазақстанда облыстық білім басқармасы 3 миллион теңге тұратын интернет қызметін 100 есе қымбатқа сатып алмақ болған.
Мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг кезінде өзге де заңбұзушылықтар анықталды. Осылайша бюджеттің 700 млн теңгесі үнемделді. Өңірдегі жоғарғы оқу орны 6 мың теңгелік кітапты 145 миллион теңгеге бағалапты. Ал полиция қызметкерлерінің жаңа формасының бағасы 250 миллион теңгеге қымбат көрсетілген. Бұл деректер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің тексерісі кезінде әшкереленді.
Денис Шакенов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы:
- Күн сайын жүргізілетін мониторингке қоғам белсенділері де қатысады.Өркен оқу орталығында интернет қызметін 300 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған дерегі анықталды. Бұл- қаражатты жымқыру көзделді деген сөз емес. Бірақ неге осынша қымбат баға көрсетілгені түсініксіз.