Түркістан облысында каналдар тазартылды

Түркістан облысында 600 шақырымнан астам каналдар механикалық әдіспен тазаланды.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Аталған жұмыстар егістік алқаптарына мол су жеткізуге бағытталған. Қазір 13 канал бойын бетондау және тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Егінге қосымша тіршілік нәрі қажет болған жағдайда Шардара қоймасынан су алынады. Ол үшін 10 насос дайын тұр, – дейді ведомство өкілдері.