80 жылдан кейін. Қызылордада өмір сүрген АҚШ азаматы
АҚШ азаматы Джефф Шайнгольд қызылордалық полицейлерге алғыс білдірді.
Ол Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары Қызылордада өмір сүрген әкесі туралы мәліметтер алу үшін полиция департаментіне өтініш жолдаған. Мамандар көп ұзамай 80 жылға жуық сақталған құжатты тауып берді.
Джеффтің әкесі сұрапыл жылдары қазақ жеріне Польшадан бас сауғалап келген. Қазір облыстық полиция департаментінің мұрағатында осындай 30 мыңнан астам құнды құжат бар.
Джефф Шайнгольд, АҚШ азаматы:
- Полицейлер менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттарды тауып берді. Осы деректердің арқасында олардың 1942-1946 жылдар аралығындағы өмір жолынан біршама мағлұмат алдық. Сонымен қатар ағамыз жерленген зиратқа барып, тағзым еттік.