Павлодардағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

Жоғары сынып оқушылары ұлттық ұлан сарбаздарының күн тәртібімен танысты.

Әскери техника, қару-жарақ, кинологиялық қызметтің әлеуетін тамашалады. Балалардың әскер қатарын толықтыратын күн алыс емес. Қазір Отанға қалтқысыз қызмет етуге бар жағдай жасалып, жылдан-жылға материалдық-техникалық база нығайтылып жатыр. Мысалы 5512 әскери бөлімінің сарбаздары жаңа казармада тұрады. Модульді  ғимараттар биыл ақпан айында  қолданысқа берілді.

Ырысалды Кенжікова, оқушы:

- Бүгін әскери мекемеге келіп, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен таныстым. Өзіме пайдалы ақпарат алдым. Келешекте әскери дәрігер болғым келеді. Маған бұл сала қатты ұнды

Арман Әбдірасылов, 5512 әскери бөлімі командирінің  орынбасары:

- Мектептермен өзара келісілген. Айына бізде үш-төрт рет өткізіп тұрамыз. Мектептер бізде қала бойынша 43 мектеп бар, сол кезектесіп өздері бізге шығып тұрады хатпен. Сол біздің бөлім басшылығымен рұқсат беріліп осылай жас буынды тәрбиелеуге, отансүйгіштікке баулуға оқушылармен жиі осындай іс-шара өткізіп тұрамыз.