Асубұлақ орман шаруашылығына 22 мың көшет егілді

Шығыс Қазақстандағы Асубұлақ орман шаруашылығына 22 мың көшет егілді.

Орманды алқап облыс орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан. Экологиялық акцияға үлес қосқандар қатары көп болды. Өскемен, Риддер, Ұлан, Алтай, Глубокое аудандарынан 100-ден аса ерікті келді. Өртеніп кеткен 6 гектарға жуық алқапқа қарағай егілді. Асубұлақ – 70 жылдық тарихы бар, ірі орман шаруашылығының бірі. Жер бедері таулы-қыратты келеді. Аумағын қорғау үшін 100-ге жуық орманшы еңбек етеді. Жалпы облыста жыл соңына дейін 5600 гектар жерге ағаш-тал егу жоспарланған.

 

Айдос Әділбеков, еріктілер орталығының жетекшісі:

-Енді бұл акцияның мақсаты – қоршаған ортаны әрмен қарай көгалдандыру, көшеттер санын ұлғайту. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы, тапсырмасы бар, сол тапсырма аясында, қайталап айтайын, биыл өңірімізде 29 миллион көшеттер отырғызылатын болады.