Құлсарыда тұрғын үйлер газ желісіне қосылды
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғын үйлердің 85 пайызы газ желісіне қосылды. Ендігі кезекте қалған 400-ге жуық абонентке табиғи газ жеткізу жоспарда бар. Мамандар үзілген желілерді қайта жалғап, елді мекендегі газ жүйелерін тексеріп жатыр. Қазір Құлсары қаласында электр энергиясы қалпына келтіріліп, құлаған бағаналар ауыстырылды.
Сапарғали Тажмағанбетов, қала тұрғыны:
- Біздің ауылға газ қосты. Жігіттер мен қыздар келіп, қосып кетті. Көп рақмет.
Жәнібек Атырауов, қала тұрғыны:
-Автодорожник-2, жаңа больницаның жанындағы ауыл, үш көше осы жерден газ келіп тұр.
Медет Ерғалиев, қала тұрғыны:
- Суға кеткенде Жылыой жігіттері келіп, газ құбырын жалғады. Көп үйде газ құбыры болмады, мына құбырлар үзіліп қалды. Соның бәрін жалғады.