Тасқыннан соң. Шығынды өтеу қағидасы әзірленді

Ұлттық экономика министрлігі су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынды өтеу қағидаларын әзірледі.

Оған қаржы министрлігі, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және табиғи апаттан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері септескен.

Құжатқа сай, сақтандырылған мүлікті қоспағанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғалған немесе бүлінген мүлкі үшін өтемақы беріледі. Алайда кәсіпкерлер өтініш бермес бұрын шығынды арнайы мамандардың көмегімен есептеп, өтемақы мөлшерін анықтауы қажет.

Өтініш 30 қарашаға дейін қабылданады. Ал төлемдер өңірлердегі мемлекеттік бюджет қаражатынан және бюджеттен тыс қорлардан жүзеге асырылады.