Талапты бұзған 100-ден астам нысан анықталды
Астанада тиісті бақылаудан өтпей, мал шаруашылығы өнімдерін сатып келген 100-ден астам кәсіпкерлік нысан анықталды.
Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді. Осыған жол берген мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғалары да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтың салдарын жойып жатыр.
Айта кеткен жөн, ветеринариялық заңнаманың сақталмауын елордалық прокуратура таяуда жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде әшкереледі. Мәселен, мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін орындарға тиісті бақылау жүргізілмеген. Ет өнімдері талапқа сай тасымалданбаған. Қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар орындалмапты. Ішкі сауда нысандарында орналасқан ветеринариялық зертханалар да талапқа сай келмей шықты.