Риддерде жылыту қазандығын жөндеу басталды
Риддер қаласындағы жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстары жанданды, деп хабарлайды 24KZ.
Орталық турбиналармен қатар жылу жүйесінің 55 учаскесін жаңарту да қолға алынған. Шамамен 20 шақырым құбыр ауыстырылады. Бұл мақсатқа өңірлік бюджеттен 8 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам маман, қыркүйектің 1-іне дейін еңбек ететін болады. Коммуналдық желі қалыпқа келтірілгенше қалада ыстық су болмайды. Риддер қаласындағы жылыту қазандығы жарты ғасырға жуық күрделі жөндеу көрмеген. Соңғы 3 жылда станция 80 рет істен шыққан.
Кирилл Голота, Риддер қ. ЖЭО бас инженерінің орынбасары:
- Негізгі жөндеу жұмыстарымен қатар шарлы диірмендері мен сорғылау құрылғылары сияқты қосалқы құрал-жабдықтары да жаңартылып жатыр. Қазір мердігер мекемеден қажетті материал-бөлшектерінің тізіміне сұраныс жолдадық.