Жезқазғанда инженерлік желілер салуға ₸4,8 млрд бөлінеді

Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға Үкіметтен 4,8 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды 24KZ.

Премьер-министр Олжас Бектенов қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Оған Жезқазғанның Батыс ауданында кәріз желілері, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісі салынады. Қазір аталған аумақта тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталды.

Жалпы Ұлытау облысында коммуналдық желілердің тозу деңгейін азайту және реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол Үкімет басшылығының тікелей бақылауында.