Ұлытаулық кеншілер 60 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады
Ұлытаулық кеншілер мен байытушылар тасқыннан зардап шеккен Торғай өңіріне 60 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды 24KZ.
Олар небары 5 күн ішінде екі жүк көлігін азық-түлікке толтырып, Қостанай облысына жөнелтті. Қайырымды іске былтыр құрылған өндіріс еңбеккерлерінің қоры бастамашы болды. Олардың басты мақсаты – төтенше жағдай мен табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау таныту. Сонымен қатар ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру.
Ерлан Ерішев, қайырымдылық қорының төрағасы:
- Өзіміз барып үлестіріп, табыстап, 6 ауылға теңдей бөліп бердік. Өзіміз көзімізбен көрдік қандай дүниелері қирағанын, су қалай басқанын. Тұрғындармен сұхбаттасып, апат қалай болғанын, қазір судың деңгейі қандай екенін бәрін көрдік.