Құлсарыға мың тоннадан астам көмек жеткізілді
Төтенше жағдай басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.
Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады. Бүгінде Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында азық-түлік таратуға 60-қа жуық ерікті жұмылдырылған. Құлсарыдағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, пунктте азық-түлік қоры жеткілікті. қоймадағы заттар кесте бойынша таратылады.
Жанаргүл Шарғабаева, еріктілер штабының жетекшісі:
- 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. 1-2 тонналық тамақтар бар осы жерде.