Қ. Бозымбаев БҚО-да суға кеткен саяжайларды аралады
Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев суға кеткен саяжайларды аралап, техникалық тексеру жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Орал қаласында Жайық және Шаған өзендері тасуы салдарынан 14,5 мың саяжай учаскесін су басқан. 5254 учаскеде тұрғын үй болса, соның 2639-ы азаматтардың жалғыз баспанасы болып шықты. Қанат Бозымбаев үйлердің жарамды не жарамсыз екенін жедел анықтауды тапсырды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Ең қиыншылық, су әлі кеткен жоқ және бағалау жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бүгін тапсырма беріп жатырмыз. Қала әкімі айтып жатыр «20 күн ішінде бәрін бітіреміз» деп. Бірақ сол мерзімді қысқартып отырмыз. 10 күнде бәрін бітіру керек. Сонда ол кісілерге не үй сатып аламыз, не үй салып беретін боламыз. Типтік 80 шаршы метр үйлер салынатын болады. Қаражат тиісті қаражат бар, демеушілік арқасында.