Жүргізуші куәлігін сатқандарға жаза күшейтіледі

Енді жүргізуші куәлігін сатқандарға жаза күшейтіледі.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. ІІМ дерегінше, елде жол ережесін бұзған 7 мыңнан астам адам қамалып, 8 мыңға жуық «мас» жүргізуші куәлігінен айырылған. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұған жүргізушілерді даярлау сапасының төмендеуі ықпал етуде. Сондықтан емтихандарды қабылдау қағидаларына түзетулер енгізілген. Енді бұл процедура онлайн трансляция арқылы бақыланады. Ал «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Яғни тізімдерді қолдан түзету мүмкіндігі жойылып, жемқорлықтың жолы кесілмек.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Жемқорықтың санын азайту үшін ол жердегі жаңағы спеццондардағы қызметкерлердің бүгінгі деңгейін мемлекеттік қызметшілерге теңестіру осы заңда қарастырылған. Сондықтан келешекте ол қызметкерлердің санаты сол мемлекет қызметкерлеріне теңеседі. Және олардың осы жемқорлыққа қарсы күрес заңына байланысты жауапкершілігі де артады.