Атырау облысында ауыз су сапасын қадағалау күшейді

Атырау облысында ауыз су сапасын қадағалау жұмыстары күшейді.

Зертханаға келіп түскен 800-ге жуық сынаманың 24-і гигиеналық талапқа сай болмай шыққан. Нәтижесінде су тазарту құрылғылары дезинфекцияланды. Қайта алынған сынамалардан кемшілік табылған жоқ. Мамандар ашық су көздерін де бақылауда ұстап отыр. 

Айгүл Сабырқызы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- 98 сынама алынды. Оның ішінде санитарлық-химиялық микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес емес, сынамалар анықталып отыр. Бұл енді жылма-жыл, су тасқыны болған кезде, жайық тасыған кезде, сәуір-мамыр айларында болатын көрсеткіштер.одан басқа манағы Қызылқоға ауданы мен Жылыой ауданында тасқын тұрып қалған суларды вирусиологиялық және потогенді флораға зерттеу жүргізілді. Қорытындысы бойынша вирус немесе банағы потогенді флора микробтары анықталған жоқ.