Жетісу облысында шегірткені улап жатыр
Жетісу облысында да шегірткені улау басталды.
Фитосанитарлық қызмет мамандары 110 мың гектарға жуық жерді дәрілейді. Басым бөлігі ұшақпен, қалғаны су бүріккіш көліктермен өңделеді. Саладағылардың айтуынша аймақта азиялық, италияндық прус және үйірсіз саяқ шегіртке түрі жиі кездеседі. Былтырмен салыстырғанда 20-30 процентке көбейіп кеткен. Залалсыздандырылатын аумақ көлемі де ұлғайтылды. Зиянкестермен күреске мемлекет қазынасынан 373 млн теңге бөлінген. Қаражатқа 6 түрлі химиялық қоспа алынып, тиісті мердігер мекемелер анықталды. Аймақтағы алдын-алу шаралары дернәсілдердің шығу мерзіміне және климаттық ерекшелігіне байланысты кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Саят Сақмолдин, облыстық аумақтық инспекцияның басшысы:
- Препараттарымыздың сапасы жоғары, техникаларымыз жаңа. Сондықтан біздің облыста ауыл шаруашылықтары егістіктері шабындықтарына ешқандай қауіп болмайды деп айтқым келеді.