Жайықтағы су деңгейі төмендей бастады
Атырау облысының Махамбет және Индер аудандары тұсында Жайықтағы су деңгейі төмендеген, деп хабарлайды 24KZ.
Бірақ Атырау қаласының өз басында 2 см-ге көтеріліп, 5 метр 97 см-ге жетті. Бұл судың Каспийге қарай лықсығанын, қауіп аз да болса сейіле бастағанын байқатады. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және суды күні-түні бақылап отыруды тапсырды. Жалпы өңірде құтқарушылар тобы сәуір айынан бері жүр. Қосымша күш Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан келген. Құтқарушылармен бірге әскери бөлім сарбаздары да тынымсыз еңбек етіп жүр.