Петропавлда «Таза өзен жағалауы» акциясы өтті

Петропавлдық студенттер мен волонтерлер «Таза өзен жағалауы» акциясына қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Олар Пёстрый өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық шараға 150-ге жуық студент пен еріктілер жасағы атсалысты. Жалпы биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 600-дей тазалық шарасы өтті. Оған 5 мыңға жуық адам үлес қосты. «Таза өзен жағалауы» акциясы шілде айына дейін жалғасады.

Жұлдыз Тоқтарғазы, қоғамдық бастамаларды дамыту және ақпарат бөлімінің маманы:

- Көктемгі кезде биыл еріктілердің мойнына үлкен жүк түсті. Үлкен су келгенде біздің еріктілер жай жатқан жоқ, сабақтарына да барды, барлығын ысырып қойып, сабақтарынан бос уақыттарында осындай тазалық жұмыстарында жүрді. Енді судың біразы кеткенімен, оның артында қаншама қоқыс қалды. Сол қоқысты тазалау барысында, сол қоқыстың барлығын жинау барысында қазір еріктілер бірігіп, «жұмылып көтерген жүк жеңіл», деп біздің жастар осындай жұмыстарға атсалысып жатыр.