Балалар Ақорданы аралап көрді
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ақорда» резиденциясында қазақстандық оқушылар үшін ашық есік күні өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Шараға еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде су басқан аймақтардан 81 жасөспірім келді. Бұл оқушылар – оқуда озат атанғандар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Ақорданың кішкентай қонақтары Президенттің жұмыс орнын көріп, резиденция туралы мәліметтер айтылды.
Бұл Ақтөбелік оқушы Шәмші Бақытжановтың осыдан жарты жыл бұрын Мемлекет басшысымен кездесуінде алған эмоциясы еді. Сол кезде Smart Bilim мектеп-гимназиясының оқушылары Президентке өздері қолмен салған Ақорданың суретін сыйға тартып, резиденцияны өз көздерімен көруді армандап жүргендерін жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев бала арманын жерде тастамады. Бүгін Шәмші де бір топ оқушылармен Президент сарайына келіп, Мемлекет басшысының жұмыс орнымен танысты.
Шәмші Бақытжанов, оқушы:
- Ақорданы салу туралы ой келді. 5 оқушы бірігіп, резиденцияны салып, сол суретті Президентке сыйладық. Жалпы Ақордаға келіп, көру менің арманым болатын. Бұл арманымды менің оқытушым Мемлекет басшысына жеткізген. Енді, міне, сол бақыт маған бұйырып тұр. Резиденция маған қатты ұнады. Өте ерекше әсер алдым.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Ақорда» резиденциясындағы экскурсияға еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде су басқан аймақтардан 81 оқушы келді. Бұл жасөспірімдер – оқуда озат атанғандар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Кэтрин Майер, оқушы:
- Мен мемлекеттік тілге 7 қадам жобасына қатысып, 7 ай бойы барлық қадамды нәтижелі орындап, осы Астанаға экскурсияға бардым. Осы жылы «Жарқын болашақ» жобасына қатысып, осы әнші бұлбұлдар номинациясында үшінші орын алдым облыста. Бүгінгі экскурсия мен үшін өте керемет өтті, тамаша деңгейде. Маған барлығы ұнады. Маған барлық залдар ұнады. Бірақ ең ерекшесі – «Шығыс» залы.
Санжар Айдулла, оқушы:
- Мектебіміздің директоры жинаған. 2-3 күн қалған кезде, осы Астанаға баратын кезде бізді жинап, нөмірлерімізді сұрап, бізге хабарласты. Мен естіген кезде өте қуандым. Себебі Астанаға және Ақордаға бару деген – ол үлкен мүмкіншілік. Енді әркім бара бермейді ғой Ақордаға. Сол, өте қуандым.
Шара барысында оқушылар орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарды тамашалады. Сондай-ақ балалар Президенттің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.
Сондай-ақ бүгін Ақорданың кішкентай қонақтары резиденция аумағындағы бақты да аралап көрді. Жалпы елордаға 2 күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін де аралау мүмкіндігіне ие болады. Ал бүгінгі экскурсия соңында оқушыларға Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Авторлары: Риат Шони, Марат Диханбаев.