Көкшетауда құтқарушылар мен сарбаздар қан тапсырды
Дүниежүзілік донор күні қарсаңында өткен акцияға күштік құрылымның 300-ге тарта қызметкері қатысты, деп хабарлайды 24kz.
«Әскерилердің игі ісі көп адамның жанын сақтап қалады», - дейді қан орталығының мамандары.
Абзал Балтабаев, тілші:
- Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мұндай акцияларға тұрақты түрде қатысады. Екі-үш ай сайын қан тапсыруды әдетке айналдырғандар бар. Акцияның алғашқы күнінде 200-ден астам құтқарушы қан тапсырды.
Ерболат Әшкенов, ТЖД басқармасының бастығы:
- Бұл шара дәстүрге айналды деп айтуға болады. Осыған орай қала тұрғындары мен облыс халқын осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Қан тапсыру арқылы бірнеше адамның өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз.
Игі іске шаһардағы әскери бөлімнің сарбаздары да белсене қатысты.
Нұрсұлтан Алдаберген, 5510 әскери бөлімінің сарбазы:
- Осында тұрақты келіп, қан тапсырып тұрамыз. Бәрі жақсы. Біз үшін маңызды. Өйткені біреудін өмірін аман алып қалуымыз мүмкін. Біздің қанымыз бір жерге жарап қалуы мүмкі. Сол үшін де бізге маңызды.
Десе де, қан тапсырғандардың барлығы бірдей донор бола алмайды. Мәселен, былтыр 2500-ге жуық адамның қаны жарымсыз болған. Жалпы аймақтағы ауруханалардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін күн сайын 30 шақты адам қан тапсыруы керек екен.
Надежда Бархатова, қан орталығының дәрігері:
- Қан тапсыру өте маңызды. Әсіресе, бұл бастаманы жастар арасында қалыптастыру керек. Биоматериал тапсыру адам денсаулығына кері әсер етпейді. Керісінше, ағза мен иммундық жүйені жақсартады. Қазір бізде донор жетіспеушілігі сезіледі. Сол үшін біз жылжымалы қан алу акцияларын да ұйымдастырамыз.
Жыл басынан бері үш мыңға жуық ақмолалық өз еркімен қан тапсырды. Нәтижесінде 5 мыңға жуық науқасқа қан құйылып, 3 мың доза қан қоры дайындалды.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко