БҚО-да су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Биылғы су тасқынынан айтарлықтай зардап шеккен аймақтың бірі – Батыс Қазақстан облысы. Тасқынға тосқауыл қоюға аянбай атсалысқан азаматтар аз емес, деп хабарлайды 24kz.
Солардың бірқатары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған болатын. Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев 5 азаматқа III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін және «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыстап, алғыс білдірді.
Жанболат Өмірзақов, Батыс Қазақстан облысы электр желілерін тарату компаниясының электромонтері:
- Біздер мына Ақсайда судың ортасында бағандар құлап, 10 мың вольттық, сонда судың ортасында жүрдік. Сымды тартып, ауылға жарық бердік. Судың арасында барлық қолымыздан келген жұмысымызды атқардық деп ойлаймын.