ШҚО-да өрт қауіпсіздігі күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысының орманды алқаптарында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ.
Аймақта жыл басынан бері 9 орман өрті тіркелді. Тілсіз жау айтарлықтай зиян келтірген жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері өңір тұрғындарына орманға бармауға кеңес береді. Себебі қазір өрт шығу қаупі жоғары. ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, орманда өрт шығуының алдын алу мақсатында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Күн сайын бақылау жүргізіп, демалушыларға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді. Жаз басталғалы бері 50-ге жуық адамға айыппұл салынған.
Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Биыл өңірде ауқымды орман өрті тіркелген жоқ. Жалын тұтанған 20-ға жуық жерді жылдам өшірдік. Мобильді топ құрамында орманшылар бар. Адам жиі баратын аумақтарда күн сайын бірлескен бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.