Telegram әлеуметтік желісінде есірткі сату бойынша 55 интернет-арна анықталды
Есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан криптовалюта саласына көшті.
Мұндай төлем жүйесінде оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Осы орайда аталмыш агенттік пен Ішкі істер министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді қос органда заңсыз кірістерді жылыстату қаупі жоғары қылмыстарға қатысты параллельді қаржылық тергеу жүргізеді. Ол есірткі тарату схемаларын анықтау кезінде өзара бірлескен іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Дмитрий Малахов, ҚР ҚМА төрағасы:
- Біздің қаржылық барлау бөлімшесі өткен жылдан бері Telegram әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет-арнаны анықтады. Олар бойынша ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді.