АЭС: Кадр дайындау мен қауіпсіздік тетіктері. LIVE
Премьер министрдің айтуынша, елімізде қазірдің өзінде 1 гигаватт электр энергиясы тапшы.
Жетпеген қуатты шетелден сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Жыл өткен сайын ел экономикасы дами түсері анық, сонда қуат көзіне деген тапшылық еселей түседі. Бізбен тікелей байланысқа шыққалы отырған қонағымыз – Қазақстанның электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы Талғат Темірхановпен осы тақырып төңірегінде әңгімелессек.
- Қазіргі кезде елімізде электр энергиясын өндірудің қандай түрлері бар?
- Олар еліміздегі электр тапшылығын толық жауып отыр ма?
- Тапшылық бар болса, қаншалықты?
- АЭС осы проблеманы шеше ала ма?
Спикер: Талғат Темірханов, қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы.
***
Қазір әлемде 400-ден астам атом реакторы жұмыс істеп тұр. Олардың 300-ден көбі, яғни басым бөлігі жеңіл сулы реакторлар екен. Қазанның алтысы күні өтетін жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы АЭС салуға келіссе, елімізде реактордың дәл осы түрін салу қарастырылмақ. Реакторлардың бұл түрі ең қауіпсіз деп саналады. Мысалы, Чернобыль мен «Фукусимадағы» жарылыстар реакторлардың басқа түрінде, ескі үлгідегі қондырғыларда болған.
- Осыны түсінідіріп берсеңіз, жеңіл сулы реактор дегеніміз не, одан басқа да қандай түрлері бар?
Асхат Бекбаев, Ядролық физика институты зерттеу реакторы кешені бас инженерінің орынбасары.