Депутат: Елімізде балаларды қауіпті контенттен қорғайтын шаралар қолға алынбаған
Елде балаларды әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен қорғайтын шара қолға алынбаған. Бұл туралы сенат депутаты Әлішер Сатыпалдиев Facebook парақшасында жазды.
Сенатор: «Оқушылар арасында өз-өзіне қол салған жағдайлардың көбеюі мен TikTok алгоритмі арасында бір байланыс болуы мүмкін», – дейді. Жалпы елде 4-5 жасар балалардың өзі күнделікті 1,5 сағатын TikTok желісіне арнап, телефонға телміріп отырады. Желі қолданушыларының 80%-і – жастар. Яғни басым бөлігі – мектеп оқушылары. Батыс пен көрші елдерде шектеу шаралары енгізілген. «Бірақ еліміз бұл мәселеге салғырт қарап отыр», – дейді сарапшылар. Депутат басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп, бұл желіге шектеу қойылмаса, балалардың болашағына қауіп төнетінін айтады.