Халықтың қуат көзін тұтыну көрсеткіші артып келеді
Биыл елдегі электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 78,28 миллиард киловатт болса, халықтың оны тұтыну көлемі 78,8 миллиард киловатт-сағат болған.
Ал былтыр ел тұрғындары сағатына 115 миллиард киловатт қуатты пайдаланған. Бұл 2022-ші жылмен салыстырғанда 1,9%-ке артық. «Мұндай сандар – жыл сайынғы энергия тұтыну мөлшерінің артып жатқанының дәлелі», - дейді мамандар. Сондықтан Атом электр станциясының мүмкіндігін түсіндіріп, оны салу қажеттігін айтады.
2022 жылы – 112,9 млрд кВт/сағ
2023 жылы – 115,06 млрд кВт/сағ
2024 жылдың 8 айы – 78,8 млрд кВт/сағ