Қазақстандықтардың 57%-ы дауыс берді

Шетелде үш дауыс беру учаскесі енді ғана ашылды.

Ал елдегі халықтың 57 пайызы өз таңдауын жасады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған соңғы деректерін әріптесім Ғазиза Мұхамеджанова айтып береді.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Референдумда Қызылорда облысының тұрғындары белсенді. Ондағы халықтың 76%-ы өз таңдауын жасады. Одан кейін Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасты. Бұл өңірлерде тұрғындардың 70% жуығы дауыс берген.

Ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында 47%. 

Ал мегаполистер бойынша Шымкент қаласы бірінші орында дауыс берушілердің 66% науқанға қатысқан, екінші орында Астана. Бас қала тұрғындарының 46% дауыс берді, Алматылықтардың тек 20% референдумда өз таңдауын жасады. 

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды. Еске салайық, біздің шетелдегі отандастарымыз 59 мемлекет бойынша 74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасай алады.