Ақтауда дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді

Ақтауда да дауыс берушілер арасында Exit poll қызметкерлері әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Еуразиялық интеграция институтының мамандары көпшілік пікірін жинақтады. Әлеуметтанушы Әділет Ноғаевтың айтуынша, мұндағы көзделген мақсат - қала тұрғындарының таңдауы неге түскенін сұрап, сол арқылы референдум нәтижесіне алдын ала болжам жасау. «Бізге айтылған мәліметтің құпиялылығы сақталады», - деді ол.

Әділет Ноғаев, Еуразиялық интеграция институтының өкілі:

- Бізге сұхбат берген тұрғындардың пікірі құпия сақталатынына кепілдік береміз. Exit poll өкілдері дауыс беру учаскелеріне кірмейді. Яғни, әлеуметтік сауалнама 18-ге толған және бүгін өз таңдауын жасаған адамдардың арасында көшеде жүргізіледі. Респонденттердің жасы, жынысы мен ұлты есепке алынады.