7,8 млн дауыс беруші референдумға қатысты
Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық дауыс беру науқанының болжамды қорытындысын хабарлады.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, таңдаушылардың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдайтынын жеткізген. Сондай-ақ қарсы топ та бар. Тұтас ұлттың тағдыры үшін таңдау жасаудан қалыс қалғандар да жоқ емес.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Үміт пен күдік. Қам көңілді қараша таң азанмен таласып таңдау жасау үшін референдум учаскелеріне ағыла аяқ басты. Тұтас ұлттың тағдыры сарапқа салынған саяси науқанға 7,8 млн дауыс беруші қатысты. Бұл жалпы таңдау құқығы барлардың 63,66%-ін құрайды. Ал бүгін орталық референдум комиссиясы бұқара таңдауының болжамды қортындысын хабарлады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Қазақстанда АЭС салу туралы референдуға қойылған мәселенің шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12%-ін немесе, 561 937 адамды құрады.
Ал 2 млн-нан астам адам АЭС құрылысына қарсылық білдірген. Сондай-ақ таңдау жасаудан қалыс қалған қазақстандықтар да бар. Олардың саны 82 724 адам. Бұған қоса, 130 267 бюллетень бүлінген.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Республикалық референдум туралы ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңдарға сәйкес аумақтық референдум комиссиялары дауыстар саналғаннан кейін екі күн ішінде әрбір өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқаларын жеткізуге тиіс. Республикалық референдумның қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді.
Я, бұл болжамды нәтиже. Дегенмен, нақты шешім де айтылған сандардан алыс түспесі белгілі. Бұған дейін де бірнеше тәуелсіз ұйымдар жалпы халықтың дауыс беру науқанына өз қортындыларын шығарған еді.
Әлібек Тәжібаев, «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының талдаушысы:
- Кешенді әлеуметтік зерттеулер «Астана» институты жеке қоры «Хабар» Агентігінің» тапсырысы бойынша 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілген күні дауыс беруге арналған учаскелерде Exit poll әдісі бойынша халықтың еркін білдіру нәтижелердің алдын ала есебін жүргізді. АЭС салуды қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан азаматтардың 69,8%-ін құрайды. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2%-і келісім бермеген.
Сондай-ақ бұл шешімдердің шындыққа жанасатынын байқаушылар да мақұлдап отыр. Олар елдегі референдумның әділ әрі заң талаптарына сай еткенін айтады.
Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы