АЭС энергия тапшылығы мәселесін шешеді – ғалымдар

Елде сағатына 120 млрд киловаттан аса электр энергиясы жұмсалады екен, деп хабарлайды 24kz.

Оның 118 млрд-ын жылу және су электр станциялары мен баламалы энергия көздері өндіреді. Биылдың өзінде 2,5 миллиард киловатты көрші елдерден сатып алдық. Тараздық ғалымдардың пікірінше, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай арта түсуі мүмкін. Сондықтан атом электр станциясы сөзсіз қажет. Мамандар АЭС тек энергиямен қамтып қана қоймай, ғылымның да дамуына оң әсерін тигізеді деген пікірде. Жалпы әлемде 400 ден аса атом электр станциясы бар. «Біздің елде салынуы тиіс реакторлар біраз елде нәтижелі жұмыс істеп тұр», - дейді ғалымдар

Әлия Омарова, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының PhD докторы:

- Қазақстанда бізде осы салынғалы жатқан АЭС прототипі жұмыс істеп жатыр ғой. 1967 жылдан бастап Алматы қаласындағы ядролық институтта. Жұмыс істеу барысында 57 жылдың ішінде ешқандай төтенше жағдай болған емес. Бізге салынғалы отырған атом реакторы бүкіл әлем бойынша саны – 227. Оның ешқайсысында осы уақытқа дейін ешқандай төтенше жағдай орын алған емес.