Америкалық азамат Қазақстанда қазақ тілін насихаттап жүр

Тәні қазақ болмаса да, жаны қазақ. Джоел Адамсон есімді америкалық азамат Қазақстанда қазақ тілін насихаттап жүр.

Төл тілімізде мүдірмей сөйлеген оның бейнежазбалары әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықты.

Қазақшаға судай бұл шетелдік азамат - Джоел Адамсон. Бірақ өзін қазақшалап, "Жолтай" деп атайды. Қазақстанға алғаш 90-шы жылдарды келіпті. Жұмыс орайымен Алматы, Атырау қалаларында болып, әрі жергілікті жұрттың тұрмысымен танысады. "Қазақ тілі әуелгіде күнделікті қарым-қатынас үшін керек болды", - дейді. Бара-бара құлшынысы артып, оны тереңнен меңгереді. Тіпті арагідік Америкаға кеткен кездері де ізденісін тоқтатпайды.

Джоел Адамсон, шетел азаматы:

- Мүмкін 5 мың сөз білемін. Мүмкін 2 мың сөз. Негізі қазақ тілі өте бай екен. қазақ тілінің сөздік қоры мол. тіл үйрену сыйластықты көрсетеді және халқы сыйлайды. Егер халқы сыйлайтын болса, тілді білу керек.

Тақия киемін. тақия кимесем, мүмкін мені орчс деп ойлайды.Тақия кисем мүмкін түрік деп ойлайды. Тақия кигенімді жақсы қабылдайды, жарасады деп айтады. Қазақ тілінде сөйлегенімде олар қуанып кетеді.    

Қазір Джоел мен жары Эн Астанада тұрып жатыр. Жеке кәсіптері бар. Кіндігінен тараған бір ұл, бір қызы да қазақ топырағында өсіп-өнген. Қазақ балабақшасына барып, қазақ мектебінде тәлім алған. Қазір аяқтанып, өмірде өз жолдарын тапса да, ерлі-зайыптылар оларға ақыл айтуды парызы санайды. Әсіресе, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сынды қазаққа сіңген асыл қасиеттерді бұл шаңырақ берік ұстанады.

Джоел Адамсон, шетел азаматы:

-Қазақстар негізі олардың ерекшелігі, отбасын, жанұяны көп ойлайды. Балаларды қарау, ойлау. Сол маған ұнайды. Тіл жағынан ол көрсететі. Себебі қазақ тілінде әр туысқанға қатысты сөз бар. 25-30 арнайы сөз бар. Мен бәрін жаттап алған жоқпын, бірақ менде жиен немерем бар. Жиен немере деген ағылшынша жоқ ондай сөз. Немерем маған ата деп айтады.

Джоел қазақ тілін үйде ғана емес, түзде де біркісідей насихаттап жүр. Ол үшін әлеуметтік желіні белсенді қолданады. «Бүгінді тіл үйрену қиын емес, бастысы  ниет пен тілек болса игі», – дейді.

 

Авторлары: Назерке Тоқжан, Жарқын Өрден