Қарағанды облысында 6 қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 6 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуаныш Алпыс хабарлады.
16 ауыр қылмысқа қатысты жүргізіліген тергеу аяқталып, үш іс сотқа жіберілді. Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға қатысы бар 100 адамның 39-ы қамауға алынды. 15 және 8 шолақ мылтық, 4 тапанша және Калашников автоматы, мыңнан астам оқ тәркіленген. Жалпы осы іс бойынша 40-тан астам бопсалау фактісі тіркелген.