Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау жұмыстарын күшейтпек
Елде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 235 комиссия бар. Биыл олар 30 мыңнан астам балаға көмектесті, деп хабарлайды 24KZ.
Бүлдіршіндерге психологиялық, құқықтық, әлеуметтік және оңалту бағытында қолдау көрсетілген. Оқу-ағарту министрлігі нормативтік базаға елеулі өзгерістер енгізу арқылы балалар құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттырмақ. Атап айтқанда, кейс-менеджмент пен медициналық-әлеуметтік есепке алу моделін енгізуді жоспарлап отыр. Аталған шара қиын жағдайға тап болған әрбір балаға уақтылы, сапалы көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.