Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
Биыл жылу беру маусымы басталғалы Түркістан облысында 20 рет өрт болып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.
Қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені қыста өрт қауіпі арта түседі.
Түркістан облысында жылу беру маусымы 20 қазанда басталды. Содан бері облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әр үйді аралап, қауіпсіздік шаралары түсіндіріп жүр.
Мамандар тұрғындарға улы газға дабыл қағатын датчик орнату керектігін ескертіп, сақтық шаралары түсіндірі
Балзия Есмағанбетова, қала тұрғыны:
- Өрт сөндірушілер келіп, қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп жатыр. Халыққа өздері келіп, айтып, көрсеткені өте дұрыс нәрсе.
Рейдке жеке құрам мен ерікті жастардан 200-ге жуық адам қатысты. Олар 800-ге жуық үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 150 пәтерге улы газға дабыл қағатын датчик орнатып берд
Бағлан Убайдиллаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:
- Іс-шара барысында барак үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлер қамтылды. Аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, біразы орнында жойылды. Жалпы шара барысында 2 мыңға жуық тұрғын үгіт-насихатпен қамтылды.
Былтырғы жылу маусымында Түркістан облысында 201 өрт оқиғасы тіркеліп, 5 адам газдан уланып көз жұмды. Жеті адам түрлі жарақат алды. Төтенше жағдайдың 53%-і жеке тұрғын үй секторында болған. Өрттің басым бөлігі электр жабдығын пайдалану ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан болған.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш