Елде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыра түспек

Елде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыра түспек.

Әрі дақылдар экспортын ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып отыр. Мәселен, Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда. Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері астық экспорты едәуір өскен. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқаны байқалады. Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті. Сонымен қатар биыл Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, 250 млн долларға жеткізуді көздеп отыр. Ал, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды. Келер жылы 300 млрд теңгеге дейін өседі деген болжам бар.