«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін келер жылы іске қосады

Елімізде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін келер жылы іске қосу көзделіп отыр.

Нақтырақ айтсақ, ата-аналар мемлекетпен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, баланың жоғары білім алуына қаражат жинай алады. Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте халыққа арналған жолдауында осы бастаманы қолға алуды тапсырған еді. Қазір құжат Парламентте әзірленіп жатыр. Бағдарламаның шарттары қаншалықты тиімді және оған ата-аналардың көзқарасы қандай?

Бағдарлама шартына сай, әр ата-ана 5 жасқа толған баласына арнайы шот аша алады. Оған мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы капитал беріледі. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бұл сома екі еселенеді. Отбасының ай сайынғы ерікті жарнасымен қатар шотқа 5-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы, ал банк тарапынан кемі 12%-дан 14%-ға дейін жылдық инвестициялық төлем жасалады.

Арнайы шот: 5 жастан бастап

Мемлекет тарапынан бастапқы капитал 60-120 АЕК

Ата-аналар жарнасы 24-12 АЕК

Мемлекеттік сыйақы 5-7%

Инвестициялық табыс 12-14% 

Жинақтау жүйесінде әлеуметтік осал топ өкілдері үшін арнайы қолдау шаралары қарастырылған. Қаржы орталығы жүйенің операторы ретінде айқындалды.

Диана Саметова, "Қаржы орталығы" АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің аға маманы:

- Келешек жүйесін іске асырудың негізгі алаңы ол қолданыстағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі болып табылады. 07-57 Қазіргі уақытта мем білім беру жинақтау жүйесі саласында белсенді серіктестер ретінде 5 екінші деңг банк және 5 сақтандыру компаниясымен ынтымақтастық жүзеге асрыылуда. Сондай-ақ, келешек бағдарламасы іске асырылған кезде 2 екінші деңг данк және қзпошта ұлттық пошта опреаторымен жұмыс жсалатын болады. 

Салымды бастау үшін ата-ана банкке жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі және кемінде 3 АЕК мөлшерінде бастапқы жарна ұсынса жеткілікті.

Құдайберген Бексұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл ұзақ мерзімді бағдарламаның өте жақсы нәтижесі болады деп өзіміз жоспарлап отырмыз. 03-30 Қазірден бастап балалардың оқуға түсуін ойласақ, бұл бағдарлама өте жақсы көмек береді. Негізі ол ай сайын есептеп отырсақ ешқандай ата-анаға сондай салмақ салмайды. Аты да сай болып тұр, көрдіңізбе. Баланың келешегін ойлап, оқимын десе құштарланып, сол баланың оқуына жақсы мүмкіндік бар.

Егер бала мемлекеттік грант арқылы оқуға түссе, жинақталған қаражатты магистратурада білім алу немесе баспаналы болу үшін жұмсауына рұқсат. «Келешек» жинақтау жүйесінің қаражатын бір отбасының балалары қолдана алады. Болашаққа бағдарланған осыған ұқсас жобалар әлем елдерінде тиімділігін дәлелдеп келеді. 

Құдайберген Бексұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құрама Штаттарда, Ұлыбританияда, Канада, Финляндияда бар, Норвегияда бар. Әр түрлі бағдарламалар, бірақ лардың кейбірінің ерекшелігі оларда мынау зейнетақы қорымен байланысты, басқа да басқа не бар. Нақты біздікіндей жоқ. Біздікін солардың тәжірибесін қолдана отырып, осындай жақсы бағдарлама ұсынып отырмыз. 

Үкіметтен аударып жатқаны бір жағынан жақсы поддержка ғой енді біреудің жағдайы келеді біреудің жағдайы келмейді ертең жоо түсетін кезде.

- Алдағы уақытта балаға оқу орынға түсетін ақшалар пайдаға асатын болса неге болмасқа?

- Ата-аналардың қалтасындағы ақша күнделікті ол киім-кешегіне, тамағы, ипотекасы анау-мынауға жұмсалып кетеді. Сол сияқты счетты ашып қойса, депозит сияқты оған ай сайын ақша салып отыру керек. Сондықтан оны ата-аналар салып отырады и бала өскенде ол жиналып тұрады. 

Әйел:

- Бағдарлама қабылданса менің баламның ақшас жиналып тұрады, оқуға түседі. әке-шешесі жұмыс жасап бұл ақшаға квартира алып береді қосып жақсы ғой.

Ең алдымен бұл - жоғары білімді баршаға қолжетімді етудің қосымша тетігі. Әрине бағдарламаға қатысу еркін. Шешімді әр отбасы дербес қабылдайды. Мамандар 1 бала жоғары білім алу жасына жеткенде,, орта есеппен кемінде 3 жарым млн теңгеден максималды 10 млн теңгеге дейін қаражат жинақтауға мүмкіндігі барын айтты.

Рухани Әбдірахман, Мансұр Есқожин, Шыңғыс Қалиден, Диас Қобыланбаев