Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр
Елде күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр.
Жыл соңына дейін барлығы 20 мыңнан астам азамат армия қатарын толықтырады. Осыған қатысты ақпаратты әріптесім Мерей Қанапия студияда айтып беруге дайын. Күзгі науқан бойынша нақты қанша азамат әскер қатарына алынды? Қай күштік құрылымдар сарбаз қабылдауды тоқтатты?
Қазір күзгі әскерге шақыру науқаны бел ортасынан асты. Әзірге Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметі мен Мемлекеттік Күзет Қызметі және Төтенше Жағдайлар Министрлігі күзгі науқан бойынша сарбаз қабылдауды толықтай аяқтады. Дәл қазіргі уақытта ер-азаматтар тек Қарулы Күштер мен Ұлттық Ұлан қатарына алынып жатыр. Ал нақты қанша адам әскерге барды деген сұраққа тоқталатын болсақ.
Бүгінге дейін 2 айдан астам уақытта барлығы 12 мыңға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Мысалы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметі 3 мың 200 сарбазбен, Мемлекеттік Күзет Қызметі 290, ал Төтенше Жағдайлар Министрлігі 317 сарбазбен толыққан. Сондай-ақ, Қарулы Күштер қатарына шамамен 10 мың азамат шақырылады деп жоспарланып отыр. Бүгінде соның 80 пайызы орындалды. Яғни 8 мың азамат жұмылдырылды. Енді желтоқсан айының соңына дейін Ұлттық Ұланға іріктеу басталады. Оған 7 мыңдай жігіт азаматтық борышын өтеуге кетеді.
әскерге аттанғандар – 12 мың
ҰҚК ШҚ - 3 200 (сарбаздың суреті)
МКҚ - 290 (сарбаздың суреті)
ТЖМ - 317 (сарбаздың суреті)
ҚМ ҚК - 10 мың (80 %) (сарбаздың суреті)
ҰҰ - 7 мың (сарбаздың суреті)
Фархат Айдарбаев, ҚР ҚМ ҚК Бас штабы департаменті бастығының орынбасары:
- Осы жылдың күзінде азаматарды мерзімді әскерге шақыру үшін Қорғаныс Істері басқармалары мен бөлімдерінде 10 шілдеден бастап, әскерге шақырылушыларды зерттеп-зерделеу, іріктеу жұмыстары жүрді. Жергілікті әскери басқару органының лауазымды адамдары зерделеу барысында әскерге шақырылушылармен отбасы құрамын, әскерге жарамдылығын, білімін және мамандығын нақтылайды.
Бүгінде әскер қатарына алынған 10 мыңнан астам азаматтың 3,7 миллиард теңге қарызын төлеу кейінгі қалдырылды. Яғни олар 14 ай несиеден босатылады. Сондай-ақ, өткен жылдан бері Отан алдындағы борышын өтеген 4 мың 500 адам Жоғары Оқу Орындарына грант ұтып алған.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Бәріне бірдей беріле бермейді. Бәріне беру мүмкін де емес. Сондықтан бірінші кезекте жауынгерлік атыс дайындығы, өзінің үлгілі көрсеткіші ескеріле отырып, алғашқы 3 мың әскери қызметші яғни 40 мыңның 3 мыңы ие болады. Ал қалғандарының ақылы негізде оқуға мүмкіндіктері бар.
Сондай-ақ мамандар азаматтардың әскерге баруға деген құлшынысын арттыру қажет екенін жасырмады. Армияға шақырылғандар өздерінің қарсылықтары көрсетілген видеоларды әлеуметтік желілерге салуды әдетке айналдырып барады дейді, сала өкілдері.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Азамат неліктен өзі келмейді. Оның да түрлі себептері бар. Мысалы ол бір жерде тіркеуде тұрса, басқа қалаға кетіп қалады. Сәйкесінше тиісті органдар оны білмейді басқа қалада жүргенін. Және азаматтың өзі де білмеуі мүмкін. Сәйкесінше егер оны әскерден босатуға негіз болса, ол азаматты сол жерден босатып жібереді. Егер денсаулығы, құжаттары барлығы сай келсе ол әскерге баруға міндетті.
Еске сала кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Ендеше Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен азаматтардың аман-есен үйлеріне оралуларына тілекшіміз. Бастысы әскеріміз әлеуетті, шекарамыз шегендеулі, қорғанысымыз қуатты болсын дегім келеді.