Елімізде «Мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізілуі мүмкін

Елде «Мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, бірінші топ мүгедектігі барларға сайысқа түсу кезінде көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгін Мәжілісте Туризм және спорт министрі осыған қатысты заң жобасын ұсынды. Құжат ерекше спортшыларымыздың қозғалыс еркіндігі мен жарыстарға қатысу шарттарын кеңейтуге бағытталған. Ол спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасауға септігін тигізбек.