Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы 10%-ға дейін жаңартылады

Елде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі жылына 10%-ға жетуі керек. Сала еңбеккерлері форумында Мемлекет басшысы осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды 24kz.

Қазір агротехника паркінің 76%-ы тозған. Жуырда отандық шаруашылық техникаларын 5%-бен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы іске қосылды. Жобаны қаржыландыруға 120 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ биыл елде 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды.

Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ Техникалық жарақтандыру басқармасының басшысы:

- Техниканы жаңарту деңгейін жылына 10%-ға жеткізу тапсырмасы жүктелді. Қазіргі болжамға сәйкес, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5%-ға жеткіземіз. Ал шаруаларға арналған бағдарламаларға қазір 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп жатыр. Лизингті қосқанда биыл жалпы 320 млрд теңге осы жұмыстарға бағытталды.