О.Бектенов WorldSkills Kazakhstan чемпионатының қатысушыларымен кездесті
Премьер-министр Worldskills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионатының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің ел үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды. Worldskills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионатының қатысуышаларымен кездескен Олжас Бектенов осылай деді.
Сондай-ақ техникалық мамандықтардың маңыздылығына тоқталды. Әрі қарай Үкімет басшысы колледж директорларымен кездесіп, кадр дайындаудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, биылғы білім бәйгесіне 555 студент қатысып отыр. Олар 30 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтайды.