Өскеменде жылу құбырындағы ақау жөнделді
Енді бір-екі сағат шамасында кварталдық желілер суға толтырылып, жылу беріледі.
Кешелі бері қалада 14 жарым мыңға жуық абонент жылусыз қалған. Сол жағалау аумағындағы желі жарылып, мамандар түнімен жұмыс істеді. Құбыр қалың пластикалық қорғаныш қабатымен қапталғандықтан мамандарға жарылған тұсты анықтау қиынға соқты. Сол үшін 30 метрдей жерді қазуға тура келді, дейді жұмысшылар. Жарылған жер 9 сағаттан соң табылды. Оны бітеп, қайта дәнекерлеу жұмысы енді бітті. Оған екі бригада және 8 техника тартылды.
Нұрлан Рамазанов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Ақауды біз жөндеп біттік. Қазір шамамен бір сағат ішінде магистралдық құбырға су толтырылатын болады. Кварталдық желілерге су жіберілетін болады. Яғни шамамен бір сағат 1,5-2 сағат, әрі кетсе жылу қайта қалпына келтірілетін болады.