Бүгін – Халықаралық ерлер күні
Қазір елде халық саны 20 млн 223 мың 218 адам болса, оның 9 млн 800 мыңнан астамы ер адам, ал 10 млн 300 мыңнан астамы - әйел. Елде ерлер саны әйелдерден 2,2%-ға аз.
Ұлттық статистика бюросының есептеуі бойынша, елдегі ерлердің 3 млн 200 мыңнан астамы - 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. 6 млн 200 мыңнан астамы - 15 пен 62 жас аралығындағы азаматтар. Ал қалған 800 мыңнан астам ер адамның жасы 63-тен жоғары.
Сондай-ақ республикамыздағы ең көп ер азаматтар тұратын өңірлер Түркістан облысы мен Алматы қаласы екен. Мұндағы ерлер саны млн-нан асады. Үштікті Алматы облысы түйіндеді. Онда 700 мыңнан аса ер-азамат тұрады.