2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына ₸700 млрд бөлінеді
Биылғы жиын-терімде ел бойынша 26,7 млн тонна астық жиналды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – кейінгі он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Саланың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін Үкімет алдындағы мақсат-міндеттерді Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында нақты атап көрсетті. Осы тапсырмаларды іске асыру шаралары Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында қаралды.